Спорт

Головкин-Канело: Нәтиже әділ ме?

Қарағандылық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль (Канело) Альварес арасындағы үш жекпе-жек те – әлі көптің жадында. Қос боксшы арасындағы алғашқы кездесу төрешілердің шешімімен тең аяқталса, екіншісінде мексикалық боксшы жеңіске жеткен болатын. Алайда, араға біршама уақыт салып ғалымдар екі кездесудің нәтижелері қате екендігін айтып күллі әлемге жария етті.

Сурет: sport-express.ru сайтынан алынды

Ғалымдар жасанды интеллектінің көмегімен қос боксшы айқасындағы нағыз жеңімпазды анықтады. Арнайы құрылғының көмегімен шетелдік ғалымдар 2017 жылдың қыркүйек айында өткен жекпе-жекке сараптама жүргізген болатын. Талдау нәтижесі бойынша қазақстандық боксшының жеңіске жеткені анықталған. Мексикалық боксшы – 217, қазақстандық боксшының – 300 дәл соққы жасағанын көрсетті. Алайда, төрешілер бұл жекпе-жекті тең ақтаған болатын.

Ал, 2018 жылдың қыркүйегінде өткен қарымта кездесуде – Геннадий Головкиннің жеңгені анықталған. Алайда, төрешілер бұл жекпе-жекті мексикалық боксшының еншісіне берген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button