Басты тақырыпСпорт
Головкин – бірінші
АҚШ-тағы «ESPN» телеарнасы түрлі салмақтағы үздік он боксшының тізімін әлем назарына ұсынды. Беделді арнаның нұсқасында жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН көш бастап тұр.
Өткен рейтингпен салыстырғанда, тізімге енушілер есімі аса көп өзгере қоймаған. Бұрынғыдай Головкин – бірінші. Украин Василий Ломаченко екінші сатыны меншіктесе, үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеуде. Генамен тең түсетін мексикалық Сауль Альварес – төртінші орында.
- Геннадий Головкин (Қазақстан);
- Василий Ломаченко (Украина);
- Теренс Кроуфорд (АҚШ);
- Сауль Альварес (Мексика);
- Кит Турман (АҚШ);
- Эррол Спенс (АҚШ);
- Гильермо Ригондо (Куба);
- Майки Гарсия (АҚШ);
- Сергей Ковалев (Ресей);
- Наоя Иноуэ (Жапония).
Нұрқанат ҚАНАФИН