Жаңалықтар
«Гоголь-Абай» көшесі қиылысындағы жолдың бір бөлігі жабылды
Қарағандыдағы «Гоголь-Абай» көшесі қиылысындағы жолдың бір бөлігі төрт күнге жабылды. Жөндеу жұмыстарына байланысты бүгін сағат таңғы 9:00-ден бастап көлік қозғалысы тоқтатылды.
– Абай және Гоголь көшесінің қиылысына жүргізілген гидравликалық сынақ кезінде М1 магистральдық желісінде ақау анықталды. Соған сәйкес жөндеу жұмыстарына байланысты жолдың бір бөлігі жартылай жабылады, – деді «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС мамандары.
Аталмыш жөндеу жұмыстары 17 маусымда аяқталады деп жоспарлануда.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz