Жаңалықтар

Германияда біліктілік арттыруда

«Іскерлік байланыстар» бағдарламасы – Германия на­рығымен танысуға және шетелдік серіктестер табуға мүмкіндік беретін, бизнесті мемлекет тарапынан қолдау құралдарының бірі. Биыл Қарағанды облысының кә­сіпкерлерінің қайсысы осы мүмкіндікке ие болғаны анық­талды.

Сурет senate.parlam.kz

Еліміздің 21 кәсіпкерден тұратын тобы Германияның Гамбург шаһарына аттанғанын атап өткен жөн. Аймақтық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сүйенсек, оның ішінде, Қарағанды облысының төрт өкілі бар.

Атап айтсақ, Қуандық Нұрпейісов – «Инкар 1» ЖШС, Сергей Салдин – «Compass Solutions ltd» ЖШС, Светлана Сорокалетова – «АЗИЯ-СМ» ЖШС, Дархан Ихсанов – «Q-Inspection» ЖШС өкілі.

Аталған бағдарлама 1-12 шілде аралығында өтеді. Екі апта ішінде кәсіпкерлер іскерлік тағылымдамадан өтеді әрі Гамбург қаласындағы және Германияның басқа аймақтарындағы озық зауыттар мен кәсіпорындарға барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысады.

Бір айта кетерлігі, «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы экономика саласының басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарламаның басты мақсаты – ұзақ мерзімді іскерлік әріптестік орнату және өзара тиімді келісімшарттар жасасу. Қазір тағылымдамадан өтіп жатқан төрт жерлесіміздің осы мүмкіндікті сәтті пайдаланады деп сенеміз.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button