Бас тақырыпСпорт

Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болып сайланды

Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып тағайындалды. Ол халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық атанды.

Сурет Нұрболат Әскербеков

Бүгін, 23 қарашада Италия астанасы Римде халықаралық бокс конгресі ұйымдастырылды.

Бұл шара әлемдік бокс үшін аса маңызды, себебі күн тәртібінде халықаралық World Boxing федерациясы жұмысының негізгі мәселелерінің бірі — ұйым президентін сайлау тұрды.

Уәкілетті орган 2025 жылдың қазан айында ұсынылған барлық өтінішті қарастырып, тек комиссия бекіткен үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат берді. Екі үміткердің ішінен сайлауға қатысуға рұқсат алған жалғыз адам – GGG.

Айта кетейік, ол бұл қызметте нидерландтық спорт функционері Борис ван дер Ворсттың орнына келді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button