Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына ұсынылды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Tengri Sport.kz сілтеме жасап.

Құжаттан 14 ақпанда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткенін аңғаруға болады. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.
«Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», – делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.
Өтінімдер олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялардан 11 ақпанға дейін қабылданды. Қазір ҰОК президеттігіне бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, боксшы, Спорт және денешынықтыру істері комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев, Спорт және денешынықтыру істері комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов үміткер.
Олар сондай-ақ дауыс беру арқылы жаңа президенттің атын және атқару комитетінің жаңа құрамын анықтайды.
Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.