Жаңалықтар

Газеттің сенбілік нөмірі жарыққа шықты


Газеттің бүгінгі санында:

📌Балаға зорлық тыйылмай тұр

Жаманатты атамауға үйреткен дала даналығына жүгініп кеп, осы күнгі адамнан түңіліп кеткен жайымыз бар. Содан шығар, қазір қоғам белсенділері, журналистер қауымы, жалпы есі дұрыс жұрт әлеуметтік желі арқылы педофильдерге жазаны қатаңдатуды сұрап отыр. Өлім жазасын сұрап отыр. Бұған дейін де жазғанбыз. Жазып та келеміз. Жарғақ құлағымыз жастыққа тимей. Жағымыз талмай. Жұтқыншағымыз дірілдеп. Жанымыз жапырақша қалтырап тұрып. Жұдырықтай балаға азғындық жасалған сайын. Бүгін тағы айтуға мәжбүрміз. Ондағымыз – айғайлай берсек, дауысымыз талып жетсе де, әйтеуір, бір естір деген өлермен ой. Ал, үніміз қарлыққанша айғайламасқа мына қан-жыны араласқан қоғам қоймай барады. Бүтін елді айтпағанның өзінде осыдан біраз күн бұрын Қарағандыда 13 жастағы қыз балаға азғындық жасалмақ болды. Бүкіл БАҚ шулады. Оның алдында қазақтың қанын қарайтқан жайт Жетісу облысында орын алғаны аян. 15-тегі қыз баланы зорлап, өртеп жіберген айуан. Дүйім елдің жаны түршікті. Мұндай айтуға ауыз бармайтын сұмдықтар, жасыратын несі бар, іште өте-мөте көп. Сондықтан, бұқара педофильдерге өлім жазасын, я басқа қатаң жаза сұрайды. Бұл талабын естуі тиіс билік. Біз бүгін сол дауыстың жалғасы болғымыз келеді…

Қызғалдақ АЙТЖАН.

(Толығырақ газеттен, сайттан оқыңыз)

📌«Қазақстанның алтын баласы» Гүржі жеріндегі «Хәләулім»

Жерлесіміз 14 жастағы қарағандылық Айбек ҚАСЫМХАН Грузия мемлекетінде өткен халықаралық музыкалық байқауда бас жүлдені жеңіп алып, айды аспанға бір-ақ шығарды.

Сондай-ақ:

📌Әкім уәде берді

📌Оқу форматы эпидахуалға байланысты

📌«Аспан адамы» – ұрпаққа ұлағат 

📌Халық табысы қалай артады?

📌Бәсекеге қабілетті бизнес

 

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button