Жаңалықтар

Газ балоны: дұрыс пайдаланбағанның салдары жарылысқа әкеп соғуда

Өткен тәулікте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне 9 мәрте құтқару жұмыстары бойынша хабарлама келіп түсіпті. Оның 3-еуі – өртке және жану жағдайларына байланысты. Ал, 6-ауы – авариялық-құтқару жұмыстары. Құтқару жұмыстары барысында 3 адам құтқарылған. Оның 1-еуі – бала.

Суреттер: ТЖД

Бұқар жырау ауданы, Гагаринское ауылындағы тұрғын үйдің ауласында газбен дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұрмыстық газ баллоны жарылған. Оқиға орнынан күйік шалған 1957 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. 1966 жылы туған ер адам 1 және 2 дәрежелі күйік шалған. Бұның бәрі газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағанның салдарынан орын алған.

Шет ауданы, Қайрақты бөлімшесіндегі 2 пәтерлі тұрғын үйде тұрмыстық газ баллонынан (жанусыз) газ-ауа қоспасы шығып, шатыры, төбесі, қабырғалары және ішкі қалқалары жалпы алаңы 70 шаршы метр аумақта опырылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша себебі – газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы. Қарағанды және Балқаш қалаларында төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жабық кіреберіс есіктерді ашты. 1939 және 1967 жылы туған ересектер мен 2020 жылы туған бала құтқарылды. Әйел адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, – дейді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button