Газ баллонын жанармай бекеттерінен толтыруға тыйым салынбақ
Бұдан былай жанармай құю бекеттерінде газ балондарын толтыруға тыйым салынбақ. Ал, көгілдір отынның сату бағасы қатаң бақылауға алынады. Осы бір заң жобасын Сенат мақұлдап, Президентке қол қоюға жіберді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.
Заңнаманы өзгертуге былтырғы қаңтар оқиғасы сеп болған. Енді көгілдір отынның бағасын шектен тыс өсіруге, бекітілген бағадан асыруға тыйым салынды. Ал, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын баллондарды тек арнайы бөлінген орындарда ғана толтырылады.
– Жанармай құю бекеттерінде газ баллонын толтыруға тыйым салынды. Газ баллондарының қысымын тексеретін арнайы техника бар, онда арнайы эстакадалар бар, – деп түсіндірді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.
Естеріңізге сала кетейік, бұл сонау 2016 жылдан бері талқыланып келе жатқан мәселе. Энергетика министрлігі әкімдіктерге тұрмыстық газ баллондары мен газбен жабдықтау жүйесі нысандарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуді ұсынды.



