Сарандық 42 жастағы тұрғын қалалық полиция бөліміне гаражын бәз-біреулердің бұзып, ішіндегі заттарын ұрлап кеткені жайында шағымданған. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жәбірленуші түнгілік уақытта белгісіз біреу өзіне тиесілі гараждың қабырғасын бұзып, ішінен аккумулятор және басқа да құрал-жабдықтарын ұрлап кеткенін айтып полиция бөліміне шағымданған. Қазір келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті ұрлаған заттарды сатпақшы болғанын мойындады. Айғақ заттар тәркіленді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Оrtalyq.kz