Спорт

Футболдан U-20 әлем чемпионаты Аргентинада өтпек

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының Аргентинада өтетінін растады.

 

Әлем чемпионаты 20 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Жеребе тарту рәсімі 21 сәуірде Швейцарияның Цюрих қаласында болады. Жеребеге дейін командалар төмендегі қоржынға түсті. Осы қоржыннан құрамалардың қағазға жазылған аты оқылады. Одан кейін олардың қай топтарда ойнайтыны белгілі болады.

Бірінші қоржын: Аргентина (алаң иесі), Уругвай, АҚШ, Франция, Сенегал, Италия;

Екінші қоржын: Англия, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Бразилия, Колумбия, Эквадор;

Үшінші қоржын: Нигерия, Жапония, Өзбекстан, Ирак, Гондурас, Фиджи;

Төртінші қоржын: Гватемала, Доминикан Республикасы, Гамбия, Израиль, Словакия, Тунис.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Индонезияда өтуі керек болатын. Алайда, ФИФА наурыз айының соңында Индонезияны жарысты өткізу құқығынан айырды. Оған себеп, Индонезияның кейбір қалалары «Израиль құрамасын өз территориямызға кіргізбеймыз» деген екен. 

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button