Футболдан Қазақстанның құрамасының бас бапкері тағайындалды
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды. Бұл қызметке 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалған деп хабарлайды Қазақстан Футбол Федерациясының сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Айта кетейік, Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған.
Жаттықтырушы қызметін чехиялық “Теплице” клубында бастады.
Сонымен қатар, «Картахинес» (Коста-Рика), “Хмел”, “Виктория Плзень”, “Спарта Прага”, “Высочина” (барлығы – Чехия), “Ружомберок” (“Словакия”), “Динамо Тбилиси” (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны – чехиялық “Фастав Злин” командасы.
Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері – словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы – Николай Родионов.