Жаңалықтар
Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың бірі көз жұмды
Ферроқорытпа зауытында оқыс оқиға кезінде зардап шеккен қызметкерлердің бірі алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды.

Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
– Дәрігерлердің салған барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің бірін өлім аузынан арашалап қалу мүмкін болмады. 1993 жылы туған ер адамның денесін 85% терең күйік шалған. Осы уақытқа дейін бұл науқас өте ауыр жағдайда болып, бүгін қайтыс болды, – делінген хабарламада.
Қалған зардап шеккен 5 адамның жағдайы әлі де өте ауыр. 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz