АймақБас тақырыпҚарағанды

Ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен екі адам жалпы палатаға ауыстырылды

Денсаулық сақтау басқармасы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылғанын хабарлады. 

Сурет: turkystan.kz

– Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың комбустиология бөлімінде орналасқан Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен екі қызметкеріне жалпы жағдайының жақсаруына байланысты емдеу-қорғау режимі жеңілдетілді. Енді пациенттер палатада жүре алады, жақын туыстарының қысқа мерзімді келуіне рұқсат етіледі, – деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қалған тағы екі науқас әлі де өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде. Ақ халаттылар олардың өмірі үшін күресуді жалғастырады.

– Бүгінгі таңда күйік жарақатымен түскен зардап шеккендердің екеуінің жағдайы жақсаруына байланысты жалпы палаталарға ауыстырдық. Олар шок күйінен шығарылды. Науқастарға күйікке қарсы шараларға бағытталған қосымша терапия жүргізілуде. Екі науқас өте ауыр жағдайда реанимацияда. Олардың өмірі үшін күрес жалғасуда. Қарқынды терапия жүргізілуде, – дейді Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының жетекшісі.профессор Берік Төлеубаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button