Жаңалықтар
Ферроқорытпа зауытындағы апат: тағы бір қызметкер қайтыс болды
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

– Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қайтыс болған Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz