АймақҚарағанды

Ферроқорытпа зауытындағы апат: құтқарушыларға хабар 2 сағаттан кейін ғана түскен

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға 2 сағаттан кейін ғана түскенін мәлім етті. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

Сурет: «YDD Corporation» зауытынан

Вице-министр зауыттағылар апат туралы хабарды 2 сағат кешіктіріп бергенін айтады.

– Бұл жерде негізі оқиға таңғы сағат 4:10 кезінде болған. Бірақ, өкінішке қарай, ол хабар бізге 06:08 минут кеткенде түскен. Демек, былай айтқанда, 2 сағаттан кейін түсіп отыр. Ол біздің азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Біздің күш-құралдар ол жерге санаулы минуттарда жетті. Бірақ, өкінішке қарай, сол мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ол жерге кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып жатыр, әкімшілік іс қозғалды. Бұл жерде айта кететін нәрсе, Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті. Сондықтан ол мекемеге 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қазір іс сотқа өтті, – деді Бауыржан Сыздықов.

Сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті екенін атап өтті.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button