Фаридаға Бас бәйге бұйырды
Қазақ даласының кіндігі Ұлытаудан сүйіншілі хабар жетіп, онда 22-23 тамызда өтіп жатқан “Ұлытау үні” фестивалі аясындағы Шәмші Қалдаяқов әндерінен вокалдық байқауда бұқаржыраулық Фарида Саутханға бас жүлде бұйырғаны белгілі болды.

Ол байқауда “Эстрадалық ән” аталымы бойынша өнер көрсетіп, оған диплом мен 1 миллион теңгенің ақша сертификаты табысталды.
Қазірде Бұқар жырау ауданының Баймырза аулында Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы болып еңбек ететін Фарида Тәттімбет атындағы өнер колледжінде елімізге белгілі әнші Жақсы келді Кемаловқа шәкірт атанып, осы оқу орнын 2024 жылы Қызыл дипломмен бітірген еді. “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” дегендей, дәстүрлі ән додаларында көзге түсіп жүрген ол енді эстрадалық ән байқауында да топ жарды.Жүлде құтты болсын,жерлестер!
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы