Бас тақырып

ФАП құрылысы биыл жалғасын табады

Бүгін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен аппарат жиыны өтті. Қаралған мәселе – ауылдық елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитариялық пункттердың құрылысы. Аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша 92 медициналық нысан ашылуы керек.

Суреттер: ауыл әкімдіктерінен

Былтыр «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша облыс ауылдарында 14 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Қалған 78 нысан биыл бой көтеруі тиіс. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, бүгінгі таңда 26 нысанға конкурс жарияланған.

– 12 нысан бойынша мердігермен қол қойылуда, 14-інің конкурстық шаралары жалғасуда. Салынатын 92 нысанның 11-і  – дәрігерлік амбулатория, 34-і – фельдшерлік-акушерлік пунт және медициналық 47 пункт болады. Қалған нысандардың құрылысы жоспар бойынша мамыр-маусымда басталады, – деді Бибігүл Төлегенова.

Басқарма басшысы салынатын жаңа нысандарға баратын мамандарды даярлау мәселе туралы да айтты.

– Қазіргі уақытта 5 жалпы практика дәрігері, 24 орта медбике, 10 акушер, 3 фельдшерге қажеттілік бар. Бүгінде 138 маман резидентурада оқып жатыр. Биыл 71-і бітіреді. Олармен келісім бар, – деді ол.

Ермағанбет Бөлекпаев былтыр ашылған ФАП-тарды құрылыс басқармасынан денсаулық сақтау басқармасына беру процедурасын тездетуді тапсырды.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button