Ресми
Exim Artis ұжымы Жаңа Конституция жобасын қолдады
Exim Artis ұжымы Жаңа Конституция жобасын қолдады, және «Қарағанды Су» ЖШС өкілі ретінде мұндай ұстаным көпшілігімізге түсінікті екенін айта аламын.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде жауапкершілік аса жоғары. Біз судың үздіксіз берілуіне, санитарлық қауіпсіздікке және қаланың тұрақтылығына жауап береміз. Сондықтан әлеуметтік кепілдіктер, еңбек қауіпсіздігі және нақты құқықтық тетіктер мәселелері біз үшін аса маңызды.
Жаңа Конституция жобасында еңбек адамының қорғалуы күшейтіліп, әділдік пен жауапкершілік қағидаттары бекітілуі барлық салалардың, соның ішінде коммуналдық қызметтің де, тұрақты дамуына берік негіз қалайды. Әр адам өз еңбегінің қорғалғанына және құрметтелетініне сенімді болуы тиіс.
Жобаны қолдау және референдумға қатысу – жай формалдылық емес. Бұл – елдің болашағына ықпал етуге және тұрақтылық пен дамуды нығайтатын шешімдерді қолдауға мүмкіндік.
Жұлдыз ЕСКЕНОВА
Қарағанды қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі



