Еуропа лигасының қарымта ойындары өткізіледі
Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы ширек финалындағы қарымта ойындар өтеді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың аталған сатысындағы негізгі ойынның бірі «Севилья» (Испания) – «Манчестер Юнайтед» (Англия) командалары арасында өтеді.
Аталған кездесу елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда өз тарихында бір-бірімен екінші мәрте кездесіп отыр.
Алғашқы ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Сондай-ақ, елорда уақытымен 00:50-де «Спортинг Лиссабон» (Португалия) – «Ювентус» (Италия) кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Оған қоса жарыстың аталған сатысында «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) – «Байер» (Германия), «Рома» (Италия) – «Фейеноорд» (Нидерланд) командалары шеберлік байқасады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz