Ресми

Еуроодақ мүшелері елге келді

Қарағанды облысына Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас бастаған Еуропалық Одаққа мүше елдердің делегациясы келді. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қонақтармен кездесіп, қала-аудандардың инвестициялық тартымдылығы туралы айтып берді.

Облыста Еуроодақ елдерінің серіктестігімен 164 кəсіпорын жұмыс істейді. Шетелдік инвесторларды тарту үшін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы жəне Саран қаласындағы индустриялық аймақ ауқымын кеңейтті. Мұнда резиденттер үшін салықтық жəне кедендік преференциялар, сондай-ақ қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

– Қолайлы инвестициялық ахуал, бай шикізат базасы, облысымыздың стратегиялық тиімді географиялық орналасуы облыс экономикасына инвестициялардың кедергісіз ағыны үшін оң ахуал туғызды. Сонымен қатар, өзара ынтымақтастықты одан əрі арттыру үшін зор əлеует бар екеніне сенімдімін, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Еуроодақ елшілері Еуроодақ елдері мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын арттыру үшін көлік жүйесін кеңейту қажеттігі туралы айтты.

– Ең бастысы – байланыс орнату, яғни контейнерлерді, жүктерді тасымалдау. Біз Транскаспий дəлізін пайдалану рəсімдерін жолға қою мүмкіндігін кеңейтуге назар аударуымыз керек. Еуроодақ пен Қазақстан өткен жылы өз қарым-қатынастарын қарқынды дамытқанын атап өткім келеді. Біздің компаниялар тек өндірісті ғана емес, келуге, инвестициялауға жəне өндірісті құруға дайын. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі, – деді Кестутис Янкаускас.

Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Еуроодақ елшілері Спасск мемориалындағы ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойды

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button