Ресми

ЭЦҚ-ны “Мобильді ХҚКО” қосымшасы арқылы алуға болады

Жаңа қызметтерді үйден шықпай-ақ “Мобильді ХҚКО” қосымшасы арқылы алуға болады.

Бұған дейін дербес компьютері жоқ адамдар ЭЦҚ алу үшін ХҚКО-ға баруға мәжбүр болды. Қазір “Мобильдік ХҚКО” қосымшасы арқылы жеке және заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу мүмкіндігі бар. Ол үшін қосымшаға кіріп, “бейне қызметі” батырмасын басу керек, оператор қосылып, өтінімге қол қою үшін SMS-тегі код пен жеке куәлікті сұрайды.

Қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқаларын, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру, баланың тууына және оған күтім жасауға жәрдемақы тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, жерлеуге біржолғы төлем, тұрғын үй көмегін тағайындау, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту сияқты танымал қызметтер пайда болды.

Қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болады.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ

Басқа материалдар

Back to top button