Жаңалықтар

Этносаралық келісім – даму кепілі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Стратегиялық сессиялары шеңберінде Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының, өңірлік ҚХАХ-ның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының, облыстың көші-қон қызметінің өкілдерімен семинар-кеңесі ZOOM платформасында өтті.

Шараның мақсаты – жергілікті атқарушы органдарының қоғамдағы этносаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстарында әкімдік қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру, олардың қызметін жетілдіру жөніндегі ақпараттық жұмысты жандандыру.

Семинарда «Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен жергілікті атқарушы органдарының ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауы мен өзара іс-қимылы туралы, 2021 жылға жоспар», «Қоғамдық келісім» РММ мен КММ ҚХА құрылымдарымен жұмысты бірыңғай тұжырымдамасымен этносаралық салада 4 базалық жобаны іске асыру туралы», «Қазақстан өңірлеріндегі этносаралық саладағы талдау жұмысы, «Қандастарды  бейімдеу және ықпалдастыру мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» тақырыптарындағы қордаланған мәселелер талқыланды.

Оған облыстық ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің, «Қоғамдық келісім» РММ басшылығы мен қызметкерлері, көші-қон қызметінің, өңірлік ҚХАХ, облыстық деңгейдегі ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, «Қоғамдық келісім КММ өкілдері қатысты.

Әрқайсысы өз саласындағы мәселені қозғап, оны шешудің жолдарын ұсынды.

Басқа материалдар

Back to top button