Жаңалықтар

Ет экспортын арттыру жолында

    Қарағандыда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен жартылай дайын өнімдер өндірісінің қыр-сырын зерделеген семинар өтті. Семинар шеңберінде қатысушылар облыс орталығындағы «Арай kz» ЖШС базасына барып, өндіріс барысымен іс жүзінде танысуға мүмкіндік алды.

   Серіктестік ірі қара етін экспорттау әлеуетін арттыру бағдарламасына енгізілген. Кәсіпорын қой, сиыр, жылқы етінен «Халал» талаптары бойынша өнім өндіруге маманданған. Мұндағы технология желісі заманауи үлгіде жабдықталған. Кешен жылына 276 тонна сиыр етін, 200 тонна қой етін, 580 мың дана консерві және 20 тонна түрлі жартылай дайын өнімдер шығаруға қауқарлы. Экскурсия барысында фермерлер кәсіпорын басшылығымен әңгіме-дүкен құрып, ет экспорттау ісін өркендету бағытындағы ақыл-кеңестерге қанықты.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button