Эссе өзегі – ерлік

Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Кеңес Одағының Батыры М.МӘМЕТОВА мен Халық Қаһарманы Х.ДОСПАНОВАНЫҢ 100 жылдығына арналған «Қазақтың батыр қыздары» эссе байқауының қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды. Байқауда 69 оқушы бақ сынады.

 

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде орындалды. Қазылар алқасының жұмысына Е.Бөкетов атындағы ҚарУ оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Байқау қорытындысында барлық қатысушыға сертификаттар берілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

І орынды С.Саттаров атындағы №57 мектеплицейінің оқушысы – Сұлтан Қасымов, Т.Бигелдинов атындағы республикалық Қарағанды «Жас Ұлан» мектебінің оқушысы Хасен Еркебұлан иеленсе, II орынға Б.Момышұлы атындағы №77 мектепбөбекжай кешенінің оқушысы – Әзизхан Қайратов пен №48 орта мектептің оқушысы Арина Гурьеваға бұйырды.

III орынға республикалық «Жас Ұлан» мектебінің оқушысы – Расул Оралбек, Ю.Павлова атындағы №35 орта мектебінің оқушысы – Анна Остапюк жайғасты.

Ынталандыру сыйлығын республикалық «Жас Ұлан» мектебінің оқушысы – Даниал Әзірбек пен Қ.Сәтбаев атындағы №38 мектепгимназиясының оқушысы – Гезиджи Мелиса жеңіп алды.

Жәлел ШАЛҚАР.