Бас тақырыпЖаңалықтар
Ескі көліктерге салынатын салық қысқартылмақ
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын түсіндірді, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ол заңда жеке тұлғаларға салынатын салық мөлшерін қысқарту ұсынылғанын айтты.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаумен қатар, қоғам жиі көтеретін мәселелер де шешіледі.
– Жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген. Сондай-ақ қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін 50%-ға төмендетіледі, – деп түсіндірді вице-министр.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.