Бас тақырып

Ескі 5000 теңгелік купюролар қолданыстан шығарылады

24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы 5000 теңгелік купюралар саудада жүрмейді. 24 қыркүйекке дейін ескі және жаңа үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар қатар қолданылады, дүкендер мен қызмет көрсету орындары оларды қабылдауға міндетті.

Сурет Ұлттық Банк

Ал, 25 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі купюралар төлемге жарамсыз болады. Бірақ алаңдауға себеп жоқ. Өйткені, ескі купюраларды елдегі кез келген банк бөлімшесінде және “Қазпоштада” 3 жыл бойы жаңа банкноттарға айырбастауға болады. Ұлттық банк филиалдарында айырбастау мерзімі шектелмейді, яғни кез келген уақытта өткізуге мүмкіндік бар.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button