Спорт

Ескекшілерде екі жүлде

Қытайдың Наньчан қа­ла­сында байдарка мен каноэде есуден өткен ХХ Азия чемпионатынан отандастарымыз ел қоржынына 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салды. Сонымен қатар, жалпыкомандалық есепте ІІ орын иеленіп, үздіктер қа­тарынан көрінді. Жүлде­герлердің қатарында қос қа­ра­ғандылық Виктор Степанов пен Кирилл Тубаев та бар.

Байрақты бәсекеде бақ сы­наған жерлестер – Қарағанды облы­сының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері. Виктор Степанов каноэде есуден 200 м бағындырып, күміспен күптелді. Ал, Кирилл Тубаев байдарка есуден mix 4×500 м қашықтығын жүзіп өтіп, қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, чемпионатқа биыл 20 елден 340 ескекші қатысқан. Ал, ұлттық құрама сапында барған барлық 26 спортшы ақтық сынға дейін жеткен. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов:

– Біз үшін 12 медаль – жақсы нәтиже. Әу баста басты қарсыластарымыз – қытайлық спортшылар деп дайындалып барғанбыз. Шыны керек, біз күткендей олар керемет өнер көрсетті. Ал, біз төрт алтын медальдің екеуін олимпиадалық қашықтықта жеңіп алдық, – деді.

Жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы көш бастады. Ал, үздік үштікті Иран спортшылары түйіндеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button