Бас тақырыпЖаңалықтар

Есірткінің таралуын қамтитын 3 182 интернет-ресурс анықталды

Осы жылдың тоғыз айында елімізде 15 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ortalyq.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Сурет: gov.kz

Отырыс барысында ішкі істер органдарының биылғы тоғыз айдағы қызметтік қорытындылар шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Ведомство басшысы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа қарсы күресті күшейтуге назар аударды. Ол аумақтық полиция бөліністеріне құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін мектеп әкімшілігімен бірлесіп, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті белсенді бақылауды және осы бағыттағы профилактиканы жандандырып, іс-шаралар кешенін жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар балалардың түнде ересектерсіз үйден тыс жерде жүргені үшін ата-ана мен заңды өкілдердің жауапкершілігі туралы жеткізуді айтты.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жеке қаралды.

Жыл басынан бері полиция 6288 есірткіге қатысты құқықбұзушылықты, оның ішінде 2657 қылмыстың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 419 келіден астамы – синтетика. 47 есірткі зертханасы жойылды, – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3182 интернет-ресурс анықталды. Олар бойынша мәлімет бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілді. Жалпы осы бағытта полиция қызметкерлері 700 мыңнан астам адамды қамтыған 11 мыңға жуық алдын алу іс-шараларын өткізді.

Министрлік қызметінің негізгі бағыттарының бірі – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл. Тоғыз айда 15 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Жалпы цифрлық қылмыстарға қарсы күресті күшейту мақсатында ведомствода бейінді департамент құрылып, оған IT-салада тиісті білімі бар мамандар кіреді. Бұл оларға заманауи қауіп-қатерге қарсы тұруға мүмкіндік береді, – деді ведомство өкілдері.

Отырыс соңында министр сала басшыларына профилактикалық жұмысты күшейту және оған жергілікті атқарушы органдар мен жалпы жұртшылықты жұмылдыруды, жеке адамға қарсы барлық қылмыстардың жолын кесуді, өңірлерде құқықтық тәртіпті сақтап, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button