АймақТеміртау

Есірткіге ел болып қарсы

Теміртау қаласында «Біз – есірткіге қарсымыз!» акциясы өтті.

Бұл акция аясында қаладағы Шығыс және Ескі қала полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторлары,қалалық полиция басқармасының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімі және Жастар орталығының волонтерлері есірткі жарнамасымен күрес бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.



Соның барысында үй және дуал қабырғаларынан мыңнан астам есірткі жарнамасы бар жазбалар өшірілді.Сондай-ақ жүзден аса үйдің кіреберістеріне есірткі таратып,сатқаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы парақшалар жапсырылды.

Ержан Имаш,
ТЕМІРТАУ
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Back to top button