Жаңалықтар

Қарағанды жастары синтетикалық есірткі жарнамасына қарсы рейд өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Заң мен тәртіп» концепциясында «Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен қауіпсіз орта құру – ел іргесін бекемдейтіннегізгі бағыттардың бірі» деп айқындаған болатын. Осы мақсатқа сай Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы «Салауатты өмір салтын таңда» жобасы аясында Сұрыптау кентінде синтетикалық есірткі жарнамаларын жою бойынша кезекті рейд ұйымдастырды. Рейдке қала жастары, колледж студенттері, қоғам белсенділері және полиция басқармасының теміржол полициябөлімінің қызметкерлері қатысты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Қоғамның оң бағытта дамуы, ең алдымен, жас буынның саналы көзқарасы мен заңға құрметінен басталатынын ескерсек, зиянды әрекеттердің алдын алу бүгінгі күні аса өзекті мәселесі болып отырғаны анық.

Рейд барысында көпқабатты үйлердің қасбеттеріне, кіреберіс қабырғаларына, гараждар мен ғимараттардың тасасында бейнеленген QR-кодтар, крипто-мекенжай түріндегі есірткі жарнамалары анықталып, толықтай өшірілді.

Есірткі бәз біреудің тағдырын талқандап, отбасының ойрандауына әкеліп соқтырар қауіп. Сондықтан, біз мұның алдын алып, тосқауыл қоюды тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп санаймыз. Біздің мақсат әр жасөспірімге, әр студентке есірткініңтұйыққа тірейтінін түсіндіру, – деді Жастарресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Дана Жеңісова.

Инспектордың айтуынша, синтетикалық заттардың жарнамасы көбіне жас буынның санасын улауға бағытталған. Ал, жасөпірімдердің осындай игі іске араласуы оларды ойландырары хақ.

Шаһар – баршамыздың ортақ үйіміз. Ғимаратқабырғасында жазылған жымысқы жарнама жастарды улауға бағытталған қылмыс. Біз мұндайға бей-жай қарай алмаймыз. Әрбір жас өз ортасын өзі жаңғыртпаса, ешкім қоғамды сырттан келіп өркендетпейді, – деді рейдке қатысқан белсенді жастардың бірі Санжар Болатұлы.

Рейд соңында ұйымдастырушылар тұрғындарды есірткіге қатысты кез келген ақпаратты дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға, ал, жастарды зиянды әдеттерден алшақ болып, саламатты өмірді салтын дәріптеуге үгіттеді.

Мағжан Құдайберген

Басқа материалдар

Back to top button