Есірткі «закладкасын» көрсеңіз не істеу керек?
Қазіргі таңда есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғам үшін үлкен қауіп төндіруде. Әсіресе «закладка» әдісі арқылы тарату кеңінен таралып отыр. Мұндай жағдайларды байқаған кезде әр азамат дұрыс әрі заңды әрекет етуі тиіс.

Жалпы қағидалар
Ең бастысы – жеке қауіпсіздік. Күдікті заттарға қол тигізуге немесе күдікті адамдарды өз бетінше ұстауға қатаң тыйым салынады. Барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
Есірткі «закладкасын» анықтаған кезде егер сіз күмәнді затты байқасаңыз:
• Оған мүлде қол тигізбеңіз
• Орналасқан жерін нақты белгілеңіз (фото, видео, координаттар)
• Дереу 102 нөміріне хабарласыңыз
• Операторға нақты мекенжайды, жақын маңдағы бағдарларды және заттың сипаттамасын айтыңыз
• Мүмкіндік болса, полиция келгенше қауіпсіз қашықтықтан бақылау жасаңыз
• Тек полиция қызметкерлерінің нұсқауын орындаңыз
Егер күдікті адамның есірткі жасырып жүргенін байқасаңыз:
• Онымен байланысқа түспеңіз
• Оның сыртқы белгілерін есте сақтаңыз (жасы, бойы, киімі, ерекше белгілері, қозғалыс бағыты)
• Егер көлік болса, мемлекеттік нөмірін тіркеуге тырысыңыз
• Дереу 102 нөміріне хабарласыңыз
• Барынша толық ақпарат беріңіз
• Қауіпсіз қашықтықтан ғана бақылаңыз
Құқықтық салдары
Заңды бұзу ауыр жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес:
• ҚР Қылмыстық кодексінің 112-бабы – қажетті қорғаныс шегінен шығу
• ҚР Қылмыстық кодексінің 125-126-баптары – заңсыз бас бостандығынан айыру
• ҚР Қылмыстық кодексінің 296-297-баптары – есірткіні заңсыз сақтау немесе өткізу
Есірткімен күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Дегенмен, кез келген жағдайда заң талаптарын сақтап, өз қауіпсіздігіңізді бірінші орынға қою қажет. Күдікті жағдайды дер кезінде хабарлау арқылы сіз құқық бұзушылықтың алдын алуға өз үлесіңізді қоса аласыз.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



