АймақЖаңалықтар

Есіл ерін еске алды

Абай қаласындағы №10 Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында ауыр қылмыстың алдын алу жолында өз өмірін қиған полицей Алданыш Тайғожинға арналған кабинеттің салтанатты ашылуы өтті.

Сурет: ПД баспасөз қызметінен

Алданыш Тайғожин 2003 жылы 13 қыркүйекте Топарда қылмыскерлерді құрықтау кезінде жеті жерден пышақ жарақатын алып, мерт болған. Қылмыскерлер оның денесін Топар ауылындағы қараусыз қалған ғимаратқа жеткізіп, өртеп жіберген. Кейіннен қылмыстық топтың мүшелері ұсталып, жазаға тартылған болатын.

Әріптестері Алданыш Тайғожинді іскер де білікті қызметкер ретінде еске алады. Марқұм жедел-іздестіру жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жақсы меңгерген, оларды іс жүзінде шебер қолдана білген. Қылмысты ашудағы кәсіби сауатты әрекеті және қылмыскерлерді ұстауға белсенді қатысқаны үшін бірқатар марапаттарға ие болды. Марқұмның артында анасы, жұбайы Салтанат Қайырбекқызы және қызы Айлана қалды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button