Бас тақырыпРесми

Ержан Байтілес Президент Баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына Ержан Байтілес тағайындалды.

Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын, – деп жазды Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ержан Байтілес 1981 жылы 14 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.

Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі журналист.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button