Бас тақырыпБасты тақырып
Ерубаев көшесіндегі әкімшілік ғимарат отбасылық жатақханаға айналады
Қарағандыда Ерубаев көшесіндегі әкімшілік ғимарат жас мамандарға арналған шағын отбасылық жатақхана түрінде қайта жаңартылуда.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына спортзал, монша және бассейн орналастырылатын қосымша құрылыс орталығы салынуда.
– Алдағы жылдары ірі жобалар қолға алынбақ. Қарағандыда 200 орындық перинаталдық орталық, төтенше жағдай қызметіне арналған оқу-жаттығу кешені, Майқұдықта 600 орындық мектеп пен шығармашылықты дамыту орталығы, сондай-ақ Қарағанды, Приозёрск және Балқашта балабақшалар салу жоспарланған, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Саян Мұратұлы.
Аяулым СОВЕТ