Білім

Ертегі әлеміне саяхат

«Айналайын» бөбекжайында «Балдырған» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналады. Басты мақсат – балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау әрі отбасының татулығын, бірлігін көрсету.

Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту да көзделді. Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыттық. Ертегі арқылы түрлі сұрақтар қойып, логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу да басты мақсатымыз болды.

Бұл орайда балаларға «Шалқан» – тұрмыс-салт туралы ертегісі әрі орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс екені айтылды. Оның түсі ақ немесе сары болады. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер, емдік қасиеті бар.

Бала – біздің болашағымыз. Ал, әр бала – болашақ жарық жұлдыз. «Шалқан» ертегісі балалардың ертегіге қызығушылығын оятып, ойын еркін жеткізуге баулыды. Ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп сахналап, қиялын шыңдадық. Бауырсақ ертегісінің қойылымын көрсету арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттырдық. Балалар кішіпейілділікке, мейірімділікке өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға үйренді.

Жаннұр АБДРАХМАНОВА,
Ләззат КАЛИЕВА,
«Айналайын» балабақшасының тәрбиешілері

Басқа материалдар

Back to top button