Бас тақырып

Ертең Президент Бурабайдағы Ұлттық Құрылтайға қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.
Сурет Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

  • 2022 жылы – Ұлытауда;
  • 2023 жылы – Түркістанда;
  • 2024 жылы – Атырауда өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде ұлттық деңгейдегі ұлттық кеңестердің қызметін жалғастыратын Ұлттық Құрылтай құруды ұсынды. Оны құру туралы жарлыққа мемлекет басшысы 15 маусымда қол қойды.

2024 жылы Ұлттық Құрылтайдың құрамы өзгерді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button