Жаңалықтар

Ертең Оңтүстік-Шығыс ауданының бірнеше көшесінде су болмайды

Ертең «Қарағанды Су» ЖШС су құбырының сүзгілерін тазалау жұмыстарын жүргізеді. Сол себепті Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданындағы бірнеше мекен-жай бойынша суық су өшіріледі.

 

Сағат 10.00 мен 12.00-дің аралығында Степной 3 шағын ауданы бойынша №№2, 3, 4, және 6-8, Шахтерлер даңғылы №74 мекен-жай бойынша уақытша су өшіріледі. Гапеев көшесі №№12, 19 үйде де жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін су тоқтатылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button