Бас тақырыпЖаңалықтар

Ертеңнен бастап «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады

Қазақстанда аймақтарға арналған жаңа «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады.

Сурет mastera-remonta.com

7 сәуірден бастап бұл бағдарлама қазақстандықтарға «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін ұсынады.

Компанияның мәліметінше, бұл ипотекалық бағдарлама құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» кепілдігінің арқасында үлескердің инвестициялары қорғалады: егер құрылыс аяқталмай қалса немесе құрылыс салушы банкротқа ұшыраса, ҚТК нысанның аяқталуын қамтамасыз етеді.

Өтінімдерді Отбасы банкінің уәкілетті агенттері қабылдайды. Бағдарламаға 21 жастан асқан кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады.

«Орда Аймақ» ипотекасының басты ерекшелігі – қарыз алушыдан тұрғын үйінің болуы талап етілмейді және Отбасы банкте депозиттің болуы міндетті емес.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Сыйақы мөлшерлемесі – 15,9% (ЖТСМ 17,26%-22,81%).
  • Бастапқы жарна – 20%-дан бастап.
  • Қарыз сомасы – 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін.
  • Қарыз мерзімі – 12 айдан 240 айға дейін.
  • Салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен.

Құрылыс нысандары туралы толық ақпаратты, сондай-ақ сату бөлімшелері мен кеңесшілердің байланыстарын ҚТК тұрғын үй порталынан (orda.homeportal.kz) білуге болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button