Ертеңге –нық сеніммен
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқыдық. Мақсатымыз бен бағытымыз белгілі. Ол – 30 елдің қатарына қосылу. Президентіміз бағдар бергендей, әр салада бірлесе жұмыс атқарсақ, ол мақсатымызға да жетеміз. Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көптеген ауқымды шаралар жүзеге асты. Ескерткіштер жаңартылды. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі жаз айларында Қарқаралы ауданы бойынша ауыл-аймақтарды аралап, этноэкспедицияға шығып, құнды жәдігерлер жинап, тарихи әңгімелерді ел аузынан жазып алды. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы арқасында біз тарихымызды одан әрі тереңдете түстік. Шет елдердің мұрағаттарынан қазақ халқына қатысы бар тарихты зерттеп білдік. Бұл ой халыққа үлкен үміт пен қуаныш сыйлады.
Мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін, жастарға көп көңіл бөлу керек. Бұл өте дұрыс! Себебі жастар болашағымызды жалғастырушы. Осы тұста «Болашақ» бағдарламасы ауқымды рөл атқарады. Жастарымыз осы бағдарлама арқылы шет елде білім алып, тәжірибесін, білімін тереңірек толықтыра алды. Шет елде өз мәдениетімізді көрсетуге мол мүмкіндік туды.
Заман талабына сай «Үш тілді білім беру» интеллектуалды мектептер ашу арқылы жас ғалымдарды дайындап біз ертеңімізге нық сеніммен қадам баса аламыз!
Балтабай АҢСАҒАН,
тарихи-өлкетану музейінің
архивисі.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.