Бас тақырып
Ертең дабыл сиреналары қосылады
23–24 шілде аралығында елімізде «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Қарағанды облысында оқу-жаттығу аясында 24 шілде күні сағат 10:00-де «Баршаңыздың назарына!» дабылы беріліп, халықты құлақтандыру жүйесінің жұмысын тексеру үшін барлық дыбыстық электросиреналар іске қосылады.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына үрей мен дүрбелеңге бой алдырмай, тыныштық сақтауды сұрайды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА