Ертең Қарағандыда Төлепов көшесіндегі жолдың бір бөлігі жабылады
Ертең сағат 15:00-де Қарағанды қаласының жеке тұрғын үй секторында «Өз үйіңнің қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акция өтеді. Аталмыш акция кезінде сағат 14:30-дан 15:30-ға дейін Төлепов көшесінің бойымен Бұқар жырау даңғылынан Инженерная көшесіне дейінгі учаске жабылады.
– Бұл акцияның мақсаты жеке сектор тұрғындарын жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттандыру, сонымен қатар тұрғын үйлердегі өрт қаупін азайту болып табылады,-деді ТЖД мамандары.
Шараға ардагерлер ұйымының, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ың, дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Аманат» партиясының өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысады деп жоспарлануда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.