Ертең Қарағандыда әлеуметтік дүкен ашылады
17 қаңтар күні Қарағандыда жаңа фермерлік павильон ашылады. Сауда нүктесінде ет, көкөніс және жеміс-жидек өнімдері ұсынылады. Алдағы уақытта тауар түрлері кезең-кезеңімен кеңейтілмек.

Қала әкімдігінің мәліметінше, павильон сөрелерінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылады. Бағалар нарықтағыдан төмен болады, себебі өнімдер делдалсыз, тікелей өндірушіден сатылады.
Фермерлік павильон Қарағанды қаласы, 14-шағынаудан, 8/2 ғимаратында ( «Раушан» сауда үйінің жанында) орналасқан. Ашылу салтанаты сағат 10:00-де өтеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қарағандыда сұранысқа ие бірнеше әлеуметтік дүкендер жұмыс істеп тұр. Соның бірі Сатыбалдин көшесі, 11/1 мекенжайында орналасқан. Оның жұмыс уақыты – күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



