Бас тақырыпЖаңалықтар
Ертең Қарағанды облысында электр сиреналары іске қосылады
Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылдың 19 наурызы мен 22 наурызы аралығында облыс аумағында ескерту жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

Аймақтық деңгейдегі ескерту жүйесінің «Баршаңыз назар аударыңыз!» сигналына дайындығын тексеру мақсатында күн сайын сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін техникалық тексеру кезеңінде барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары бірінен соң бірі іске қосылмақ.
– Осыған байланысты тұрғындардан сабыр сақтап, жалған ақпараттарға сенбеуді сұраймыз, – дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ