Бас тақырыпЖаңалықтар

Ертең қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде электр жарығы өшіріледі

«Жаңа кабельдік желілерді орнату үшін ертең шамамен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде электр жарығы болмайды» деп хабарлады «Қарағанды Жарық» ЖШС.

Сурет: tmbreport.ru

«Қарағанды Жарық» ЖШС бас директоры Дидар Ахмадин биыл «Жаңа қала» қосалқы стансасына жаңа трансформатор шығарылғанын, оны орнату жақын арада аяқталып, іске қосу жұмыстары басталатынын айтты. Жаңа кабель желілерін тарту мақсатында электр жарығы қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде ертең толығымен сөндірілмек.

Сонымен қатар, 26 маусымда Қарағандының басқа да аудандарында электр жарығы жартылай өшуі мүмкін. Компания аталмыш жұмыстар ең аз уақытты алады деп үміттенеді және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button