Бүгін Ермеков көшесіндегі Липецкаядан Анжерская көшесіне дейінгі жол учаскесі жылу магистралін жөндеуге байланысты жабылды.
– Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ермеков көшесіндегі жылу магистралін жөндеу жұмыстарына байланысты 20-қыркүйектен бастап Липецкая көшесінен Анжерская көшесіне дейінгі жол учаскесі жабылғанын хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін сіздерден кешірім сұраймыз және автокөлік жүргізушілеріне қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз, – дейді қала әкімдігінің хабарламасында.
Осыған байланысты №146 және №30 автобустар айналма жолмен жүреді. Маршруттардың қозғалыс сызбасы қоса беріледі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz