АймақБас тақырыпҚарағанды

Ермеков көшесінде автокөлік өртенді

Қарағандыда жеңіл автокөліктің өртену фактісі тіркелді. Оқиға 11:03 шамасында Ә. Ермеков көшесі, 33 мекенжайында орын алды.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Volkswagen Transporter» маркалы автокөліктің жанғыш бөліктері өртеніп, өрттің жалпы аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан көлік толықтай жанып кеткен.

Төтенше жағдай қызметі жедел әрекет етіп, тілсіз жауды 11:17-де толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталу үстінде. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button