АймақЖаңалықтар
Ермеков көшесі ертең ашылады
11 мамырдан бастап Ермеков көшесінің Ғазалиев көшесіне дейінгі автомобиль жолы орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған болатын.

Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталмыш көшенің тас жолына асфальт төсеу жұмыстарының аяқталып, учаске бойынша жол жүру 17 мамыр күні кешкі уақытта ашылатынын хабарлады. Қазіргі уақытта жолды сырлау, жол белгілерін орнату сияқты жұмыстар жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.