Ресми

Ермағанбет Бөлекпаев: «Зардап шеккен тұрғындарға барынша қажетті көмек көрсетілсін»

Қарағандыда 16-қабатты тұрғын үйде 10 қаңтар күні кешке қатты өрт болған, пәтерде тексеру жүргізілуде. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарға барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Қазіргі уақытта үйді электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.

– Бүкіл үйді мұқият тексеріңіздер. Тексеру нәтижелері бойынша үй тұрғындарына барынша қажетті көмек көрсетілсін, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, өрттің ықтимал себебі пәтердегі ашық от көзі болған.

Қазіргі уақытта үйде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, лифтілер іске қосылуда. Өртті сөндіру салдарынан 8 пәтерге (бір тікқұбырдың 8-ден 1-ші қабатына дейін) сумен төгілді, 2 пәтер зардап шекті – өрт болған және одан бір қабат жоғарыда орналасқан пәтер.

Зардап шеккен ер адам реанимацияда. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа. Консилиум өткізілгеннен кейін палатаға ауыстыру туралы мәселе шешілетін болады.

Хабарланғандай, Қарағандыда 10 қаңтарда сағат 21.29-да Республика даңғылы, 18/2 бойынша 16 қабатты бір кіреберісті тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 8-ші қабаттағы пәтерді от шарпып, өрттің жалпы ауданы 30 ш. м. құраған. Жанған пәтердің терезесінен 1979 жылғы ер адам құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Барлау барысында үш адамның денесі табылды. ТЖД күшімен пәтерлерден 48 адам құтқарылды (оның ішінде 9 бала), 82 адам эвакуацияланды (оның ішінде 21 бала). Сағат 22.55-те өрт сөндірілді.

Өрт фактісі бойынша полицияда ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген («отпен немесе қауіптілігі жоғары өзгеде көздермен жұмыс істеу арқылы жасалған ауыр зардаптарға әкелген бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру»). Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button