Ресми

Ермағанбет Бөлекпаев Сауд Арабиясының кәсіпкерлерімен кездесті

Сауд Арабиясының инвесторлары Қарағанды облысына қызығушылық танытуда. Байланыс орнату мақсатында аймаққа DIFA GROUP компаниясының басшысы мен серіктесі келді. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру әлеуеті талқыланды.

Доктор Халед Мохаммед әл-Хаджадж қызығушылық саласы кең екенін айтты. Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте ынтымақтастық, кез-келген салада жасанды интеллект енгізу мүмкін.

Кездесуде ет өңдеу кешенінің жобасы да таныстырылды.

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысы – еліміздің жетекші индустриалды өңірлерінің бірі, сыртқы экономикалық байланыстары кең екенін атап өтті. Бүгінде облыс өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады.

Өңір ынтымақтастық үшін ашық және қолайлы бизнес-ахуал үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда, деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button